Еркін күрес

Қазақстандық балуан Белградтағы әлем чемпионатында қола медаль алды

Қазақстандық балуан Белградтағы әлем чемпионатында қола медаль алды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық еркін күрес балуаны Азамат Дәулетбеков (86 келіге дейін) Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлде алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кіші финалда Азамат Дәулетбеков Бахрейндік Магомед Шариповты 4:3 есебімен ұтты. Осылайша ол 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды.

Айта кетейік, Дәулетбеков жартылай финалда Токио-2020 Олимпиадасының чемпионы және екі дүркін әлем чемпионы (2018, 2022) Америкалық Дэвид Тэйлордан жеңіліп қалған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер