«Ювентус» Погбаға қатысты жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

«Ювентус» ресми сайтында мәлімдеме жариялады. Клуб жартылай қорғаушы Поль Погбаның ойыннан шеттетілуі туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Ювентус» футбол клубы бүгін, 2023 жылдың 11 қыркүйегінде футболшы Поль Лабиле Погба 2023 жылдың 20 тамызында өткізілген сынақтардан кейін Ұлттық допингке қарсы трибуналдан жарыстардан уақытша шеттетілгенін хабарлайды.
Клуб келесі қадамдарды қарастыру құқығын өзіне қалдырады», - делінген хабарламада.