АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісінен кейін спортшы 11 қыркүйекте Instagram-дағы парақшасында алғаш рет жазба жариялады.
"АҚШ ашық чемпионатының аралас жұптық сынының чемпиондары!!! Харри Хелиёваараға соңғы екі апта бойына менімен бірге кортты бөлісіп, арманымды жүзеге асырғаны үшін рақмет. Соңғы бірнеше аптада және көптеген жыл бойы қолдау көрсетіп келе жатқан әрі жеңісім үшін бірге шаттанып, бірге тойлағандарыңыз үшін баршаңызға рақмет. Өздеріңізсіз бұл мүмкін емес еді!!!", деп жазады Анна Данилина.