UFC 293 турнирінің қатысушылары салмақ өлшеді. ВИДЕО

9 қыркүйекте Сиднейде (Аустралия) UFC 293 турнирі өтеді, оның негізгі жекпе-жегінде ауыр салмақтағы америкалық Шон Стрикленд пен Жаңа Зеландия өкілі Израиль Адесанья кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнир қарсаңында ресми салмақ өлшеу рәсімі өтті. Оның нәтижесі бойынша Стрикленд қарсыласынан 1 келідей сәл ауырлау болып шықты.
Кештің тағы бір басты жекпе-жегінде ресейлік Александр Волков пен аустралиялық Тай Туйваса күш сынасады.
UFC 293, салмақ өлшеу рәсімі
Басты кард
Орта салмақ: Исраэль Адесанья (83,82 кг) vs Шон Стрикланд (83,86 кг)
Ауыр салмақ: Тай Туиваса (120,47 кг) vs Александр Волков (119,27 кг)
Аса жеңіл салмақ: Манель Капе (57,15 кг) vs Фелипе дос Сантос (56,88 кг)
Ауыр салмақ: Джастин Тафа (120,29 кг) vs Остин Лэйн (109,9 кг)
Жартылай ауыр салмақ: Тайсон Педро (93,19 кг) vs Антон Туркаль (93,14 кг)
Прелимдер
Жартылай ауыр салмақ: Карлос Ульберг (92,85 кг) vs Да Ун Джан (93,12 кг)
Жартылай жеңіл салмақ: Джек Дженкинс (66,15 кг) vs Чепе Марискал (66,15 кг)
Жеңіл салмақ: Джейми Малларки (70,46 кг) vs Джон Макдесси (70,35 кг)
Жеңіл салмақ: Насрат Хакпараст (70,69 кг) vs Лэндон Киньонес (70,46 кг)
Бастапқы прелимдер
Жартылай орта салмақ: Майк Даймонд (77,22 кг) vs Чарли Радтке (77,24 кг)
Жартылай жеңіл салмақ: Шейн Янг (67,92 кг) vs Габриэль Миранда (65,74 кг);
Жартылай орта салмақ: Кевин Джуссет (77,33 кг) vs Кифер Кросби (77,49 кг)
Шейн Янг ғана өз лимитінен асып кетті, енді оның гонорарының 30 пайызы қарсыласына беріледі.