«Реал Мадрид» Раульді «Вильярреалға» бас бапкер ретінде жіберуге дайын

«Реал Мадрид» Раульді «Вильярреалға» бас бапкер ретінде жіберуге дайын

Мадридтік «Реал» жастар құрамасының бас бапкері Рауль Гонсалесті «Вильярреалға» жіберуге дайын, деп хабарлайды Prosports.kz.

<span>Журналист Фабрицио Романоның мәліметінше, тараптар бүгін 46 жастағы маманның ауысуы бойынша нақты шешім қабылдау үшін келіссөз жүргізеді.</span>

<span>Еске салайық, 5 қыркүйекте испаниялық бапкер Кике Сетьен жаңа маусымды сәтсіз бастағанына байланысты «Вильярреалдың» бас бапкері қызметінен босатылған еді. Төрт турда «Вильярреал» үш ұпай жинап, чемпионат кестесінде 15-орында болды.</span>

<span>2023/2024 маусымында «Вильярреал» Еуропа лигасында өнер көрсетеді. Испаниялықтардың топтағы қарсыластары грекиялық «Панатинаикос», франциялық «Ренн» және израильдік «Маккаби» (Хайфа) болады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или