«Мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық»: Магомед Адиев Финляндияға қарсы матч туралы

«Мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық»: Магомед Адиев Финляндияға қарсы матч туралы
news-banner7
mobile-news-top
Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында Финляндияға қарсы өткен ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында матч туралы ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ұтылдық - таблодағы нәтиже ойынға сай. Бірақ матч тең аяқталуға жақын еді. Олардың да өз мүмкіндіктері болды, бізде де болды. Ойын барысында ойын тең аяқталып қалады деген ой келді. Бірақ гол жіберіп алып, өз мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық.

Алаңның ортасында қарсыластан басым түсуді қаладық. Кейбір тұстар қолымыздан келді, кейбіреулері келмеді. Тактикалық тұрғыда финдерді жеңуге ниет болды.

Өткен ойынды талдап, Солтүстік Ирландиямен болатын кездесуге жоспар құруымыз керек. Әрине, жеңілістен кейін өзгерістер енгіземіз.

Қарсыластардың бәрі мықты, бәрі ұпай жоғалтады. Әрине, біз жанкүйерлерді қуантқымыз келді, бүгін бізді қолдауға көптеген адамдар келді. Бірақ жеңілісті қабылдай білу керек. Әрине, бұны қабылдау қиын. Әсіресе мен, бас бапкер үшін», - деді Магомед Адиев.

Еске салсақ, 10 қыркүйекте Қазақстан құрамасы өз алаңымыздағы екінші кездесуін өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0