Михаил Кукушкин Севильядағы турнирдің екінші айналымына шықты

Михаил Кукушкин Севильядағы турнирдің екінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Севильяда (Испания) өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда отандасымыз испаниялық Диего Аугусто Баррето Санчесті жеңді. Қорытынды есеп - 6:4, 6:4. Кездесу 2 сағат 2 минутқа созылды.

Ширек финалға шығу үшін Михаил Кукушкин отандасы Тимофей Скатовпен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или