UFC турнирінің басты жекпе-жегі екінші раундта нокаутпен аяқталды

2 қыркүйекте Парижде (Франция) UFC Fight Night 226 турнирі аясында молдавиялық файтер Сергей Спивак пен француз Сирил Ган арасында ауыр салмақтағы жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жекпе-жектің екінші раундында Ган техникалық нокаутпен жеңіді.
33 жастағы Ган бұған дейін 2023 жылдың наурыз айында UFC 285 турнирінде Джон Джонспен жекпе-жек өткізген. Бұл текетіресте Кирилл бірінші раундта жеңілген болатын. Оның 12 жеңісі мен екі жеңілісі бар.
28 жастағы Спивак бұған дейін 2023 жылы ақпанда UFC Fight Night 218 турнирінде Деррик Льюиске қарсы шайқасқа болатын. Бұл жекпе-жек бірінші раундта Сергейдің пайдасына аяқталды. Оның 16 жеңісі мен төрт жеңілісі бар.