«Партизани» — «Астана» матчы өтетін уақыт белгілі болды
![«Партизани» — «Астана» матчы өтетін уақыт белгілі болды](https://prosports.kz/upload/news/content//202308/201736_60d26a802a9d5eedd77a270530d7eacf.jpg?v=28674527)
«Астана» мен албаниялық «Партизани» арасындағы Конференция лигасы іріктеу турнирінің плей-офф кезеңіндегі қарымта ойын 31 тамызда өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Партизани» — «Астана» матчы 31 тамыз күні Астана уақытымен сағат 23:00-де Эльбасане (Албания) өтеді.
Айта кетейік, бір апта бұрын Астанада өткен ойында алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті.