Қазақстандық теннисші Тайландтағы турнирде топ жарды

Қазақстандық теннисші Тайландтағы турнирде топ жарды

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин (ATP рейтингінде 1057-орын) Накхон Си Таммараттағы (Таиланд) ITF сериясы турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалда Ломакин жергілікті спортшы Касидит Самреймен (АТР рейтингінде 680-орын) кездесіп, бұл текетіресте айқын аустайдер саналды. Дегенмен, ақырында қазақстандық сенсация жасай алды: ол үш сетте – 7:6, 4:6, 6:3 – жеңіске жетіп, чемпион атанды.

Айта кетейік, Ломакин турнирдегі өнерін іріктеудің бірінші кезеңінен бастап, бір апта ішінде қатарынан жеті кездесуде жеңіске жеткен. Накхон Си Таммарат турнирінің жүлде қоры 15 000 долларды құрады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или