Қазақстандық жеңіл атлет әлем чемпионатының финалына шықты
19-27 тамыз аралығында Венгрия астанасында жеңіл атлетикадан 2023 жылғы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бүгін әйелдер арасында биікке секіруден іріктеу кезеңі өтті. Қазақстан атынан үш спортшы бақ сынады: Надежда Дубовицкая, Кристина Овчинникова және Елизавета Матвеева.
Надежда Дубовицкая 1,89 метрге сәтті секіріп, 5-орынға ие болды. Ол жарыстың финалына жолдама алды.
Кристина Овчинникова мен Елизавета Матвеева финалға өте алмады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или