Америкалық желаяқ қыз ерекше ұзын тырнағын қиып тастаған соң, әлем чемпионы атанды
Будапештте өтіп жатқан әлем чемпионатында жүз метрге жүгіруден америкалық Ша'Кэрри Ричардсон чемпион атанды. Жанкүйерлер оның финал алдында қандай өзгеріске барғанын байқап қалды, деп хабарлайды Спорт-Экспресс басылымына сілтеме жасаған Nur.kz.
Ричардсон жиі дауға қалатын спортшы. Ол марихуана шеккені үшін де көпшілік алдында ұятқа қалған болатын.
Бірақ оның спорттағы ең жарқын жетістігі биыл Будапештте болды. Ол 100 метрге жүгіруден жартылай финалда сәтсіз өнер көрсетті.
Тіпті, финалға тікелей жолдама ала алмай, қосымша уақыт көрсеткіші бойынша ақтық сынға шыққан.
Финалға ең соңғы орынмен шыққан атлет жарыс ережесі бойынша ең соңғы, тоғызыншы жолақпен жүгіреді.
Ричардчон финалға соңғы нәтижемен шыққанына қарамастан, Олимпиада мен әлем чемпионатында бірнеше рет топ жарған ямайкалық атлеттерді артта қалдырып, чемпион атанды.
Ол жүз метрді 10,65 секундта жүгіріп өткен.
Бір қызығы, үнемі ұзын тырнақпен жүретін Ша'Кэрри финал қарсаңында тырнақтарын қиып тастаған. Көпшілігі спортшының мұндай қадамға барғанына таң қалып жатыр.