Грек-рим күресі

Әлем чемпионаты: Грек-рим күресінен Исхар Курбаев «алтын» алды

Әлем чемпионаты: Грек-рим күресінен Исхар Курбаев «алтын» алды
news-banner7
mobile-news-top

Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында грек-рим күресінен Исхар Курбаев чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жетісу облысының өкілі 55 келі салмақта финалда әзербайжандық Фарид Садихлимен сынға түсті. Белдесу барысында жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде қарсыласынан 5:1 есебімен басым түсіп, әлем чемпионы атанды.

Исхар алғашқы белдесуінде түрік Эмре Мутлудан, одан кейін түркімен Абдували Рахимбаевтан басым түсті. Ал жартылай финалда қырғыз Нуристон Суйоркуловты жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер