Роналдудың командасы екінші ойын қатарынан жеңілді
Сауд Арабиясы чемпионатының екінші турындағы «Аль-Наср» өз алаңында «Аль-Таавуннан» жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу 2:0 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.
Жеңіске жеткен команда сапында Леандре Тавамба мен Ахмед Бахусейн гол соқты.
Бірінші турдағы «Аль-Иттифакпен» (1:2) ойынға қатыса алмаған шабуылшы Криштиану Роналду бүгін негізгі құрамда шықты. Садио Мане мен Марсело Брозович алаңда 90 минут өнер көрсетті.
Осылайша, «Аль-Наср» қатарынан екінші матчта ұтылып, әзірге ұпай алмады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или