Килиан Мбаппе «Тулузаға» қарсы ойнайтын болды. Басшылық оны шеттеткен еді

Килиан Мбаппе «Тулузаға» қарсы ойнайтын болды. Басшылық оны шеттеткен еді

Килиан Мбаппе ПСЖ сапына оралып, «Тулузаға» қарсы ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

24 жастағы ойыншы париждік клубпен келісімшартын ұзартудан бас тартуына байланысты негізгі командадан шеттетілген болатын. Ол Лига 1 алғашқы турында «Лорьянға» (0:0) қарсы ойнамады. Сол ойыннан кейін клуб пен ойыншының ара-қатынасы жақсарып, Килиан командаға оралған еді.

«Килиан нағыз бабында, ниеті түзу. Менің құрамымда әлемдік деңгейдегі ойыншы барына қуаныштымын», – деді ПСЖ бас бапкері Луис Энрике.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или