Ұлттық спорт

Айдарбек Қожаназаров «Көкпар» федерациясының құрметті президенті болып сайланды

Айдарбек Қожаназаров «Көкпар» федерациясының құрметті президенті болып сайланды
news-banner7
mobile-news-top

Астанада республикалық «Көкпар» федерациясының кезектен тыс отырысы өтті. Жиында республикалық «Көкпар» федерациясының құрметті президенті таныстырылды. Федерацияның құрметті президенті болып танымал кәсіпкер, қоғам қайраткері, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Айдарбек Қожаназаров сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш отырысқа ҚР Ұлттық спорт Қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, республикалық «Көкпар» федерациясының президенті Бауыржан Исабаев және еліміздің барлық өңірлеріндегі «Көкпар» федерациясының өкілдері қатысты.

Отырыста сөз алған республикалық «Көкпар» федерациясының президенті Бауыржан Исабаев көкпар спортының қоғамдағы маңыздылығын айтып, алда жоспарланған жұмыстарымен бөлісті.

«Көкпар – ол тек қана спорт ретінде адамның физикалық болмысын шынықтырып қана қоймайды, сонымен қатар, ол – қазақ халқының руханиятымен, салт-дәстүрімен біте қайнасқан спорт түрі. Осы ретте Айдарбек Асанұлының көкпар спортына қосатын үлесі зор деп білемін. Алдағы уақытта көкпар спортын еліміздің барлық облыстарында және халықаралық ареналарда жоғары деңгейде дамытып көтеретініне шүбә келтірмеймін.

Көкпар спортында әлі күнге дейін қордаланған мәселелер өте көп. Көкпар ережесін қайта қарастырып, толықтырулар мен өзгерістер енгізу бойынша да атқарар шаруалар жетерлік. Біз соларды қолға алып, Ұлттық спорт Қауымдастығымен жұмыла жұмыс атқаратын боламыз. Баршамыздың алдымызда үлкен бір мақсат тұр. Ол – келер жылы елімізде өтетін бесінші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарын жоғары дәрежеде ұйымдастырып қана қоймай, көкпардан әлемде жетекші ел екенімізді дәлелдеуіміз керек» деді Бауыржан Әбдірәшитұлы.

Жиынға арнайы қатысқан ҚР Ұлттық спорт Қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов көкпар спортындағы мәселелерді атап, оның қоғамдағы рөліне тоқталды.

Түпнұсқасы: Inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер