Елдос ЖҰМАҚАНОВ: «Олимпиада шыңына шықсам деп армандаймын»

Астана қаласында өтіп жатқан дзюдодан Әлем біріншілігінде еліміздің атынан сынға түскен Елдос Жұмақанов «PROСПОРТ» тілшісіне сұхбат берді.

Елдос Жұмақанов Әлем біріншілігінде алдына жан салмады. Ол өзінің төрт кездесуінде де таза жеңіске қол жеткізіп, жартылай финалға жолдама алды. Алдымен кипрлік Андреас Крассосты, одан кейін тунистік Хусем Халфауиді, артынша ұлыбританиялық Колин Оатсты ұтса, жартылай финал жолдамасы үшін Азия мен Азия Ойындарының чемпионы моңғолиялық Тумурхулег Даваадорждан басым түсті. Өкінішке қарай, жартылай финалда ресейлік Михаил Пуляевтен таза ұтылды. Қола медаль үшін кездесуде 2 дүркін әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері, өзбекстандық Ришод Собировтан жеңіліп қалды.Н әтижесінде бесінші орынға тұрақтады.

– Астанада өтіп жатқан Әлем біріншілігінде жақсы күрестің. Дегенмен жүлдеге ілінуге не жетіспеді?

– Алғашқы төрт кездесуде таза жеңіске жеттім. Ал жартылай финалда техникалық қателік жіберіп қойдым. Моңғол балуанына (Азия мен Азия Ойындарының чемпионы моңғолиялық Тумурхулег Даваадорж) қарсы белдесуде иығымды ауыртып алып, сәл босаңсып қалдым.

– Әлем біріншілігінде есіңде қалған қарсыласың кім?

– Ришод Собиров, осы кездесуге дейін 2 мәрте ұтқан едім. Бірақ бұл жолы, өкінішке қарай, есемді жіберіп қойдым.

– Әлем чемпионатында қай белдесу сізге қиын түсті?

– Ақтық сын жолдамасы үшін болған белдесу маған қиын болды.

– Әлем біріншілігінде мықты спортшыларды көрдің, өз салмағыңда мықты деген қандай дзюдошыларды атап өтер едің?

– Әлемдік рейтингте жоғары тұрған мықты палуандардың көбісі жеңіліс тапты Мысалға, Георгий Зантарая (Украина), Масачи Ебинума, (Жапания), Пуляев Михайл (Ресей), Даваадорж Тумуртувщин (Моңғолия), Ришод Собиров (Өзбекстан).

– Сіз күреске шығар алдында өзіңізді қалай дайындайсыз? Қорқыныш болады ма?

– Тәуекел етіп, өзімді іштей дайындап шығамын.

– Ал Қазақстанда 66 келідегі негізгі бәсекелестеріңіз кімдер?

– Мұқанов Азамат, Смағұлов Жансай, Есімбетов Ғабит сияқты дзюдошылар.

– Өзің сияқты дзюдомен айналысатын спортшыларға қолдау қандай деңгейде?

– Мемлекет тарапынан жоғары деңгейде қолдау көрсетеді. Қазақстан Республикасының дзюдо федерациясы мен Спорт басқармасы барлық жағынан қолдап отыруға тырысады.

– Күресте өзіңіз пір тұтатын балуаныңыз бар ма?

– Шынымды айтсам пір тұтатын ешкім жоқ. Кішкентай кезімде болған, қазір жоқ.

– Спорттан тыс тағы да немен айналысасыз?

– Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Заң факультетінде жоғарғы білім алудамын.

– Жақын болашаққа қандай мақсаттар қойдың?

– Спорттық мансабымда Олимпиада шыңына жету. Ал өмірде жақсы отбасын құру. Ары қарай уақыттың еншісінде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или