OCTAGON жартылай орта салмақтағы үлкен өзгерістер туралы хабарлады

OCTAGON жартылай орта салмақтағы үлкен өзгерістер туралы хабарлады

OCTAGON лигасы жартылай орта салмақта болған өзгерістер туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жеңілмеген Магомед Магомедов (12-0) жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуді босатып берді. 

Магомедов бұл титулды 2022 жылдың қыркүйегінен бері оның бұрынғы қазақстандық Бауыржан Қуанышбаевты (15-5) жеңгеннен кейін иемденген. Кейін қырғызстандық Санжар Әжібаевпен (25-12) және қазақстандық ММА ардагері Әділ Боранбаевпен (22-10-1) жекпе-жек өткізіп, екі рет белбеуді сәтті қорғады.

Айта кетейік, Еуразиялық жекпе-жек лигасының кезекті турнирі – OCTAGON 48, 18 тамызда Әзірбайжан астанасында өтеді. Жарыстың негізгі белдесуінде әзірбайжандық Гундуз Набиев (6-4) орта салмақтағы «уақытша» титулды өзбекстандық Ислом Болтаевпен (3-2) сарапқа салады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или