«Вольфсбург» қорғаушысы «Тоттенхэм» ойыншысы атанады

«Вольфсбург» пен Нидерланд жастар құрамасының қорғаушысы Мики ван де Вен келесі аптада «Тоттенхэм» ойыншысы атанады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Фабрицио Романоның ақпараты бойынга, дүйсенбі күні футболшы медициналық тексерістен өту үшін Лондонға ұшады. Трансфер құны 50 миллион еуро құрайды. Келісімшарт 2028 жылға дейін келісілді.
Голландиялық ойыншы «Вольфсбург» сапында 2021 жылдың жазынан бері ойнап келеді. Ван де Вен өткен маусымда Бундеслигада және Германия кубогында 36 ойынға қатысып, 1 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.
Transfermarkt порталы 22 жастағы қорғаушыны 30 миллион еуроға бағалап отыр.