Сане осы жазда «Бавариядан» кетпейтін болды

 Сане осы жазда «Бавариядан» кетпейтін болды

Шабуылшы Лерой Сане осы жазда «Бавариядан» кетпейтін болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін футболшыға «Барселона» қызығушылық танытып отырғаны хабарланған болатын. Футболшы бір жылдан кейін, мюнхендік командамен келісімшарттың аяқталуына бір маусым қалғанда карьерасын жалғастыру нұсқаларын қарастырады.

Сане өткен маусымда Бундеслиганың 32 ойынында 8 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или