АПЛ-дағы топ-клубтың бапкері Сауд Арабиясы командаларының трансферіне қатысты алаңдаушылық білдірді

«Ливерпульдің» бас бапкері Юрген Клопп Сауд Арабиясының чемпионатында трансфер кезеңі еуропалық лигалармен салыстырғанда 3 аптаға кеш бітетініне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Неміс маманының пікірінше, ойыншылардың бірі клубтан кетіп қалса, команда орнына футболшы тауып үлгермеуі мүмкін.
«Ең жаманы - олардың трансфер кезеңі 20 қыркүйекте жабылады. Бұл еуропалық клубтарға пайдалы емес. УЕФА мен ФИФА бұған қатысты шешім шығаруы керек», - деді Клопп.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или