Шавкат Рахмонов — Кевин Гастелум жекпе-жегі өтпейтін болды

Шавкат Рахмонов — Кевин Гастелум жекпе-жегі өтпейтін болды

Америкалық файтер Келвин Гастелум қазақстандық Шавкат Рахмоновпен жекпе-жегі қыркүйекте өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Спорт Шредингер» телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Америкалық спортшы жаттығуды жалғастырып жатыр, бірақ қарашадан бұрын октагонға оралмайды.

«Өкінішті жаңалық. Шавкатпен жекпе-жегім тоқтатылды. Маған шынтақпен жасалған соққы тиіп, жараланып қалдым, бірнеше сүйегім сынды.

Бұл жекпе-жекті күтіп жүргендерден кешірім сұраймын. Шавкат пен оның командасынан да кешірім сұраймын. Бұл келеңсіз оқиға маған ауыр тиді. Мен ораламын, жаттығуды жалғастырып жатырмын, физикалық дайыныққа жауапты жаттықтырушыммен жұмыс істеймін.

Кездесуді қарашаға ауыстыруды сұрадым. Олар соған келіседі деп үміттенемін. 11 қараша Madison Square Garden аренасында. Кейде Келвин Гастелум жанкүйері болу қиын, мен білемін... Біз бірге жеңіс пен жеңілісті бастан өткердік, бірақ мен октагонға оралып, жеңісті жолға қайта түсеміз деп уәде беремін», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов — Кевин Гастелум жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы UFC турнирінде өтеді деп жоспарланған. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или