Қазақстандық дзюдошы елімізге Универсиадада бесінші «қоласын» әкелді

Қазақстандық дзюдошы елімізге Универсиадада бесінші «қоласын» әкелді

Қытайдың Чэнду қаласында Қазақстанның қатысуымен 2023 жылғы жазғы Универсиада өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

100 келі салмақта сынға түскен қазақстандық дзюдошы Бекарыс Сәдуақас қола медаль үшін белдесті.

Бекарыс Франция өкілі Кенни Левезеден басым түсіп, Қазақстанға бесінші «қоланы» әкелді.

Еске салайық, ширек финалда Сәдуақас жапондық дзюдошыдан 0:10 есебімен ұтылып, қарымта белдесуде қазақстандық әзірбайжандық дзюдошыдан басым түскен болатын.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Универсиада-2023 ойындарының алғашқы «алтынын» жеңіп алған болатын

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или