Қазақстандық жас дзюдошылар Еуропа кубогында көш бастады
Қазақстанның дзюдодан жастар құрамасы Еуропа кубогінде көш бастады. Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Федерацияның мәліметінше, 29-30 шілде күндері Германия астанасы Берлинде жастар арасындағы Еуропа кубогіне дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы қатысты. Екі күнге созылған байрақты бәсекеде ел құрамасы 3 алтын, 5 күміс және 2 қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде бірінші орынға тұрақтады.
Турнир жеңімпаздарының тізімі келесідей:
1-орын: Аман Бақытжан (60 кг) – алтын,
1-орын: Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 кг) – алтын,
1-орын: Максим Мейірлан (81 кг) – алтын,
2- орын: Нұрайлым Сәрсенбек (48 кг) – күміс,
2-орын: Аружан Ережепова (52 кг) – күміс,
2-орын: Жалғас Хайрулла (81 кг) – күміс,
2-орын: Құдірет Досымов (90 кг) – күміс,
2-орын: Карина Такиева (+78 кг) – күміс,
3-орын: Жанарыс Рахметқали (66 кг) – қола,
3-орын: Нұржан Бисенов (81 кг) – қола.
Айта кетейік, Еуропа кубогіне барлығы 29 елден 300-ге жуық жас татами шеберлері қатысты.