Бокс

Олимпиада қатысушысы жүкті қызын өлтіргені үшін кінәлі деп танылды

Олимпиада қатысушысы жүкті қызын өлтіргені үшін кінәлі деп танылды
news-banner7
mobile-news-top

Пуэрто-Риконың бұрынғы боксшысы Феликс Вердехо жүкті қызын ұрлап, өлтіргені үшін айыпты деп танылды.

Вердехо 27 жастағы Кейшла Родригесті 2021 жылдың сәуірінде Сан-Хуандағы (Пуэрто-Рико) көпірден су айдынына лақтырмас бұрын есірткі қабылдаған. Кісі өлтіру алдында Вердехо қызға қысым көрсетіп, түсік жасатуды талап еткен.

Алқабилер 25 аптаға созылған сот процесінен кейін 28 шілдеде өз үкімін шығарды. Өзіне тағылған айыпты мойындамаған Вердехоға үкім 3 қарашада шығады. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін, тіпті өлім жазасына кесілуі мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0