Басқа

Бурабайда кедергілермен жүгірушілер жарысының жеңімпаздары анықталды

Бурабайда кедергілермен жүгірушілер жарысының жеңімпаздары анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Ақмола облысының Бурабай курортында кедергілермен жүгірушілер арасында өткен «Аqbura bay trail-3» жазғы трейл жарысының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бурабайдың әсем табиғаты аясында өткен халықаралық жарысқа Қазақстан, Ресей, АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция, Испания, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Қырғызстан елдерден барлығы 700-ден астам спортшы қатысып, үш жас санат бойынша мықтылар анықталды.

Ережеге сай қатысушылар теңіз деңгейінен 500 метр биіктікке көтеріліп, Бурабай ағаштары мен тауларында түрлі кедергілерді еңсерді.

photo

Жарыс қорытындысы бойынша, 10 шақырымда сынға түскендер арасында 42 минут 40 секунд нəтиже көрсеткен Нұрбек Борин жеңіске жетсе, Татьяна Нерозняк екінші келді, оның көрсеткіші 45 минут 44 секунд. Ал 23 шақырымда Ердос Бәйімбетов (1 сағат 43 минут 28 секунд) және Әсем Назырова (2 час) үздік атанды. 50 шақырымды Найль Башмаков 4 сағат 16 минут 21 секунтта еңсеріп, біріншікелді.

photo

«Жыл сайын бұл жарысқа қатысып, өзімнің физикалық дайындығымды шыңдап келемін. Жарыс жолында қиындықтар болды. Әсіресе, тауға шыққан кезде екпінді жел біраз кедергі келтірді, бұған қоса күн де ыстық. Дегенмен, күнделікті жаттығудың арқасында мәреге бірінші болып келдім. Алдағы уақытта да осындай жарыстар жиі ұйымдастырылып тұрса деген тілегім бар», - деп қуанышымен бөлісті Нұрбек Борин.

photo

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Aqbura bay trail-3» салауатты өмір салтын насихаттау, туризмді дамыту және «Leave no Trace»экологиялық тұжырымдамасына назар аударуға бағытталған. Бұдан бөлек, «Плоггинг» акциясы өткізіліп, жарыс жолы аумағында шашылып жатқан 50-ден астам қап қоқыс жиналды.

Айта кетсек, бұдан бұрын Бурабайда кедергілермен жүгіруден халықаралық жазғы трейл жарысы өтіп жатқанын жазған едік. Шараны «Экстремалды Атлетика» қоғамдық бірлестігі мен «Бурабай даму» серіктестігі бірлесіп, Үлкен және Кіші Шабақты көлдерінің аумағында өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0