Нидерланды құрамасының бұрынғы ойыншысы 7 жылға сотталды

Нидерланды құрамасының бұрынғы ойыншысы 7 жылға сотталды
news-banner7
mobile-news-top

Нидерланды құрамасының бұрынғы ойыншысы Давид Мендес да Силва кокаин саудасымен айналысқаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

40 жастағы Мендес да Силваны Роттердам соты салмағы 74 және 105 келі болатын екі партия кокаин әкелгені үшін соттады. Сонымен қатар, да Силва есірткі сату және жеткізушіге пара бергені үшін кінәлі деп танылды. Бұрынғы футболшы 2022 жылы тамызда қамауға алынған.

Да Силва мансабында «Спарта Роттердам», «АЗ Алкмаар» және «РБ Зальцбург» сияқты клубтарда ойнаған. Нидерланды құрамасы сапында 7 матч өткізді. 2017 жылы мансабын аяқтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0