Қазақстандық теннисші елордадағы жарысты сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев ресейлік Егор Герасимовпен бірге Астанада өтіп жатқан Челленджер сериясы турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Евсеев пен Герасимовтың қарсыластары Филип Пеливо мен поляк-жапон жұбы болды. Қазақстан мен ресейлік екі сетте 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Матч 51 минутқа созылды.