Волейболдан жасөспірімдер арасындағы АЧ: Қазақстан құрамасы Ираннан жеңіліп қалды

Ташкентте (Өзбекстан) волейболдан жасөспірімдер арасындағы (U-16) Азия чемпионатының топтық кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Үшінші ойында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ирандық құрдастарымен кездесті. Ойын ирандық волейболшылардың пайдасына аяқталды.
Турнир 29 шілдеде аяқталады.
1 топтық кезең, әйелдер
Қазақстан (U-16) - Иран (U-16) 15-25; 25-23; 20-25; 19-25
Келесі кездесуде қазақстандық волейболшылар Жапония құрамасымен кездеседі.