Грузияда өтетін матчта «Ақтөбені» 500-жуық жанкүйер стадионда қолдайды

Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінің ашылу матчында «Ақтөбе» сырт алаңда Кутаисидің «Торпедо» командасымен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
Командалар Грузияның Кутаиси қаласында, Рамаз Шенгелия атындағы стадионда кездеседі.
Дереккөздің мәліметінше, «Ақтөбені» қазақстандық 500-жуық жанкүйер командасын стадионда қолдайтын болады.
Матч 27 шілдеде елорда уақытымен 23:00-ге жоспарланған, қарымта ойын 3 тамызда Қазақстанда өтеді.