Қазақстан құрамасының қорғаушысы «Бешікташқа» ауысуы мүмкін

Қазақстан құрамасының қорғаушысы «Бешікташқа» ауысуы мүмкін

Түркиялық «Бешікташ» «Зенит» пен Қазақстан құрамасының орталық қорғаушысы Нұралы Әліпке қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы <span> </span>TRT Spor хабарлады.

Дереккөздің мәліметінше, «Бешікташты» Әліп түркиялық клубқа ауысқан жағдайда легионер болып есептелмейтіні қызықтырған.

«Зенитпен» келіссөздер жақын арада басталады деп күтіліп отыр. Түркиялық клуб командаға орталық қорғаушы іздеп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Нұралы Әліп «Зенит» сапында Ресей чемпионы атанған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или