Эдуард Ким: Әлем чемпионатының медалі - бұл команданың жалпы нәтижесі

Эдуард Ким Фукуокада (Жапония) өткен Су спорты бойынша әлем чемпионатында Қазақстанға тарихи медаль алып келді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол әртістік жүзуде «қоланы» жеңіп алды (жеке, техникалық бағдарламада).
«Мен үшін бұл медальдің маңызы өте жоғары. Ең алдымен, бұл біздің команданың, жаттықтырушылардың тиянақты еңбегінің нәтижесі, сонымен қатар туыстарым мен жақындарымның қолдауынсыз бұл жетістігіме қол жеткізе алмайтын едім.
Мен бар күшімді сарп еттім, дайындығымды толықтай көрсете алдым. Әзірге бар қабілеттім осы. Жарыста алға қойған мақсаттарымның бәрі дерлік бастапқыда дайындалғандай болды.
«Ұзын» солода, өкінішке орай, мен финалда өнер көрсете алмадым - бұл денсаулық жағдайыма байланысты болды.
Фукуокадағы әлем чемпионаты жоғары деңгейде атап өтіліп жатқанын айтқым келеді. Барлық мамандар мен спортшыларға қызмет көрсету және жайлылық сапасы өте керемет ұйымдастырылған», - деді спортшы Olympic.kz сайтына берген сұхбатында.