Су добы: Қазақстан – Испания матчының тікелей трансляциясы

20 шілдеде су добынан әлем чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы Испаниямен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан – Испания матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 14:30-да басталады, ойынды Qazsport телеарасын көрсетеді.
Айта кетейік, су спортынан әлем чемпионаты 14-30 шілде аралығында Жапонияның Фукуока қаласында өтеді.
Турнирде жүзу, ашық суда жүзу, синхронды жүзу, суға секіру, биіктікте суға секіру және су добы бойынша 75 жүлде жинағы сарапқа салынады.