Видео. УЕФА Абат Айымбетовтің ғажайып голын ерекше атап өтті

Еуро-2024 ресми парақшасы Қазақстан құрамасының футболшысы Абат Айымбетовтің Солтүстік Ирландия қақпасына соққан голын ерекше атап өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Абат Айымбетов 88-минутта осы жеке соққан голының арқасында Солтүстік Ирландияны жеңді...», - делінген жазбада.
Солтүстік Ирландия мен Қазақстан арасындағы матч 20 маусымда Белфаст қаласында өткен. Айымбетов 88-минутта гол соғып, қазақстандықтар 1:0 есебімен жеңген еді.