Ресейлік теннисші жасөспірімдер арасында әлемнің бірінші ракеткасы атанды

17 жастағы ресейлік теннисші Ярослав Дёмин жасөспірімдер арасындағы Уимблдон-2023 турнирінде өнер көрсеткеннен кейін ITF рейтингінде көш бастады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Championat.com сайтына сілтеме жасап.
Еске салайық, Дёмин (5) Уимблдонның финалына шығып, Ұлыбритания өкілі Генри Сирлден 4:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалған еді.
Жеңіп алған ұпайлары Деминге рейтингте алты сатыға көтеріліп, әлемнің бірінші ракеткасы болуға көмектесті. Айта кетейік, ITF бұл рейтингті теннисшілердің жекелей және жұптық сындағы нәтижелерін ескере отырып есептейді.
Айта кетейік, Демин осы рейтингтің топ-30 қатарында ресейлік жалғыз спортшы.
Әлемдік жасөспірімдер рейтингі. Жасөспірімдер. 17.07:
1 (7). Ярослав Дёмин (Ресей) — 2445,5 очка.
2 (3). Родриго Пачеко Мендес (Мексика) — 2255,5.
3. (1) Хуан Карлос Прадо Анхело (Боливия) — 2252,75.