Скатов Швециядағы турнирде Евсеевті жеңді

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Бастада (Швеция) өтіп жатқан ATP-250 санатындағы турнирдің іріктеу кезеңінде финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол бірінші іріктеу кезеңінде отандасы Денис Евсеевті 6:1, 6:3 есебімен жеңді.
Кездесу 1 сағат 13 минутқа созылды.
Турнирдің негізгі кезеңіне өту үшін финалда Скатов боливиялық Уго Дельенмен кездеседі.