Уимблдон турнирінің финалына шыққан теннисшілер белгілі болды

Ресейлік теннисші Даниил Медведев Уимблдон - 2023 турнирінің финалына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай финалда әлемнің үшінші ракеткасы испаниялық Карлос Алькарастан үш сетте ұтылды.
1 сағат 52 минутқа созылған кездесу 6:3, 6:3, 6:3 есебімен әлемнің бірінші ракеткасының пайдасына шешілді.
Осылайша, Уимблдон финалындағы Алькарастың қарсыласы серб Новак Джокович болады.