Ресми: «Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы ойыншысы «Тобылдың» директоры болды

Ресми: «Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы ойыншысы «Тобылдың» директоры болды

«Тобылдың» директоры қызметіне «Манчестер Юнайтедте» ойнаған ресейлік футболшы Андрей Канчельскис тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы қостанайлық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Андрей Канчельскис ойыншы ретінде «Манчестер Юнайтед», «Эвертон», «Фиорентина», «Саутгемптон» және т.б. клубтарда өнер көрсеткен.

Бұған дейін ол өзбекстандық «Навбахор», латвиялық «Юрмала» және «Торпедо-ЗИЛ» командаларында бас бапкер қызметін атқарған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или