Басқа

Руфина Искакова байдарка мен каноэде ескек есуден Италияда әлем чемпионы атанды

Руфина Искакова байдарка мен каноэде ескек есуден Италияда әлем чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top
Италияның Ауронцо-ди-Кадоре қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында байдарка мен каноэде ескек есуден әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жерлесіміз Руфина Искакова 23 жасқа дейінгілер арасындағы С-1 санатында топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

9 шілде күні Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, ол 5000 метрлік сайыста 30:18.59 секунд көрсеткішпен үздік атанды. Молдавиялық Елена Глизан күміс жүлдеге ие болса, Иран өкілі Хадие Хейрабади үздік үштікке енді.

Сонымен қатар отандасымыз Мария Бровкова 18 жасқа дейінгілер арасында С-1 санатында 200 метрге жарысудан мәре сызығына екінші болып жетті.

Додаға 65 елден 938 спортшы қатысып жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0