«Мен сабырлы адаммын». Рыбакина - корттағы эмоциялар туралы

Әлемнің үшінші ракеткасы қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдонның екінші айналымындағы кездесуінде франциялық Ализе Корнені жеңгеннен кейін кортта неге эмоцияны сирек көрсететінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Рыбакина мен Корне арасындағы кездесу 6:2, 7:6 есебімен аяқталды.
«Мен сабырлы адаммын, әрқашан сондай болдым. Мен эмоция көрсеткен көп кездесулер болмады. Мен өзіме көңіл бөлуге тырысамын. Кейде бұл жақсы, кейде олай емес. Айналада не болып жатқанын үнемі бақылап отыру керек. Бұл менің мінезім дер едім.
Ализе құлап қалған кезде мен не істерімді білмей қалдым. Бұл шок болды. Сол кезде ішімде көптеген эмоциялар болды, мен жай ғана сабырлы болуға тырыстым», - деді Рыбакина баспасөз мәслихатында.