Арман Кеңесов «Ақтөбеде» қалатынын мәлімдеді

«Ақтөбе» мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Арман Кеңесов клубтан кетпейтінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kzтілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
«Менің әлі де клубпен келісімшартым бар. Ол жыл соңына дейін жарамды. Ары қарай не болатынын бір құдай біледі», - деді Арман.
Айта кетейік, Кеңесов «Ақтөбе» сапында былтырғы маусымнан бері өнер көрсетіп жүр. Таяуда Сан-Мариноға қарсы кездесуде Қазақстан құрамасындағы дебютін өткізген болатын.