«Астана» сырт алаңда «Каспийден» басым түсті

Ақтауда футболдан Қазақстан чемпионатының 13-ші турының «Каспий» мен «Астана» арасындағы ойыны аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу 2:1 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталды. Абат Айымбетов пен Дембо Дарбоның голдарына ақтаулықтар Дмитрий Подстреловтың голымен жауап берді.
«Каспий» - «Астана» - 1:2 (0:1)
Гол соққандар: Подстрелов 66 (1:1) - Айымбетов 31 (0:1), Дарбо 77 (1:2)
2 шілде 2023 жыл, 19:00. Ақтау қаласы, «Жас қанат» стадионы.