Махмұд Сабырхан қазақстандық дербиде жеңіске жетті
![Махмұд Сабырхан қазақстандық дербиде жеңіске жетті](https://prosports.kz/upload/news/content//202307/472_55de896a9d8f89ac14f1bd3d3ff498a6.jpg?v=28672546)
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшылары – 2023 жылғы әлем чемпионы Махмұд Сабырхан мен 57 келіге дейінгі салмақтағы ұлттық құраманың бірінші нөмірі Серік Теміржанов Астанадағы «Елорда кубогы» турнирінің жартылай финалында кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сабырхан жекпе-жек бойы белсендірек көрінді. Үшінші раундтың соңында Теміржановтың қабағы жарылды. Төрешілер шешімімен (4:1) жеңіс Махмұдқа берілді.
Бұл кездесу Парижде өтетін 2024 жылғы Олимпиада ойындарының ықтимал кандидатын көрсетті.
Сондай-ақ, бүгін 51 келіге дейінгі салмақта құрама көшбасшысы Сәкен Бибосынов турнирдің финалына шыққан болатын.