Дамир Исмағұлов Қазақстан азаматтығын алатынын айтты

Дамир Исмағұлов Қазақстан азаматтығын алатынын айтты

Орынбор облысында дүниеге келген ресейлік UFC файтері Дамир Исмағұлов «Матч ТВ» арнасына болашақта Қазақстан азаматтығын алуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

– Сізде Ресей төлқұжаты бар, бірақ UFC турнирінде Қазақстан туымен жекпе-жекке шықтыңыз. Менің білуімше, UFC файтеріне мемлекеттік туды қолдануға рұқсат бергенде, азаматтыққа мән бермейді ғой?

– Бұрын екі туды ұстап шығатын едім, кейін тек Қазақстанның туын алып шықтым. Ал қазір негізінен UFC ешқандай тудың астында шығуға рұқсат бермейді.

— Бірақ сізде ресейлік төлқұжат бар ма?

– Иә, ресейлік, ал Қазақстанда тұруға ықтиярхат, өйткені мен болашақта Қазақстанға көшіп, сонда тұрамын.

– Сіздің этникалық қазақ екеніңізді және Қазақ деген лақап атқа ие екеніңізді ескерсек, сізге төлқұжат алу қиынға соғады ма?

– Шындығында, бұл проблемалық мәселе. Иә, менде тұруға ықтиярхат бар, бірақ ол шамамен 5 жыл болуы керек. Енді мерзімім жақындап қалды, біраз уақыттан кейін азаматтық ала аламын. Аз ғана, бірер ай, бәлкім, көші-қон қызметінің өзі азаматтыққа құжат тапсырамын ба, жоқ па деп сұрайтын шығар.

— Ал Қазақстан азаматтығын алу ойыңызда бар ма?

«Иә», - деді Исмағұлов.

Исмағұлов Орынбор облысының атынан жекпе-жек өнерінің әртүрлі түрлері бойынша әуесқойлар чемпионаттарына қатысып, 2014 жылы ММА бойынша спорт шебері атағын алды.

UFC-дегі елесі жекпе-жегін ресейлік файтер америкалық Грант Доусонға қарсы өткізеді. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек 2 шілдеге қараған түні Лас-Вегастағы (АҚШ) UFC Vegas 76 турнирінде өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или