Родриго Денер «Қайрат» АФК ойыншысы атанды

Родриго Денер «Қайрат» АФК ойыншысы атанды

«Қайрат» АФК бразилиялық Денер Родригомен келісімшарт жасасқанын хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тараптар арасындағы шарт 2+1 жүйесі бойынша жасалған.

Клубтық карьерасында Денер бразилиялық «Карлос Барбоза», «Фоз Катаратас Футсал» және «Марекко Футзал», сондай-ақ жапониялық «Фугадор Сумида» сапында өнер көрсетті. Ол өткен маусымды мәскеулік КПРФ құрамында өткізді.

Бразилиялық ойыншының футзалда айтарлықтай жетістіктері бар. Ол 2015 жылы Бразилия чемпионы, 2016 жылы Бразилия кубогының жеңімпазы, сонымен қатар 2017 жылы Либертадорес кубогының жеңімпазы атанды. КПРФ клубымен бірге Ресей чемпионатының чемпионы және күміс жүлдегері атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или