Ауыр атлетика федерациясы Владимир Седовтың отбасына 5 млн теңге бөледі

Ауыр атлетика федерациясы Владимир Седовтың отбасына 5 млн теңге бөледі

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Владимир Седовтың өмірден өтуіне байланысты көңіл айтып, отбасына қаржылай көмек көрсетілетінін жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясынан мәлім еткеніндей, еліміздің еңбек сіңірген спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның әлденеше дүркін чемпионы және рекордшысы Владимир Седов бала жасынан спортқа адал болды.

2008 жылғы олимпиадада 84 келіге дейінгі салмақта Владимир Седов төртінші орынға ие болды.

Тамаша табыстары үшін «Құрмет» орденімен марапатталды.

Владимир 35 жаста еді.

«ҚР ауыр атлетика федерациясының ұжымы Владимирдің отбасы мен туған-туыстарына қайғыра көңіл айтады. Жолдасымыздың қазасына байланысты қайғыға ортақпыз. Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Владимир Седовтың отбасына 5 млн теңге көлемінде көмек береді, сондай-ақ ұлын тәрбиелеуге қажетті қолдау көрсетеді.

Соңғы жылдардағы қайғылы оқиғалар спортшылардың үлкен спортпен қош айтысқаннан кейін қиындықтарға тап болатынын көрсетеді. Федерация спорт ардагерлерін қолдау бағдарламасын жасап, жұртшылыққа ұсынатын болады. Соның аясында көмекке мұқтаж ауыр атлеттерге қолдау көрсетіледі. Атлеттер мен бапкерлерді қолдау үшін федерация биыл тартылған демеушілік қаржы есебінен 10 млн теңге бөлетін болады», - делінген<span> </span>мәлімдемеде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или