Илья Ильин қауыр атлет Владимир Седовтың өз-өзіне қол жұмсауына қатысты пікір білдірді

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық ауыр атлет, үш түрлі салмақ дәрежесінде төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин ауыр атлет Владимир Седовтың өліміне қатысты пікірін білдірді.

Ильин Instagram желісінде Владимир Седовтың отбасына көңіл айтты.

«Өзімнің және отбасымның атынан Володяның отбасына, туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. 2014 жылы Володя менің командамда әлем чемпионатында өнер көрсетіп, күміс медаль жеңіп алды. Сол жеңісінің арқасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағын алдым. Бұл үшін мен оған әрқашан алғысымды білдіремін. Өкінішке орай, соңғы жылдары жолымыз екіге бөлініп кетті, бірақ мен оны спортшы ретінде де, мықты тұлға ретінде де құрмет тұтамын.

Володя жоғары деңгейдегі кәсіпқой спортшы, ақылды, талантты еді, бапкер ретінде көптеген зілтеміршілер мен чемпиондарды тәрбиелеуі мүмкін еді, бірақ тағдыры басқаша болды. Орны толмас қаза орын алды», — деп жазды Илья Ильин.

Бұған дейін Ауыр атлетика федерациясы ауыр атлет Владимир Седовтың қайтыс болғанын хабарлаған болатын. Ақпаратты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі де растады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0