Владимир Седовтың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Владимир Седовтың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ауыр атлет Владимир Седовтың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«35 жастағы ауыр атлеттің денесі өзі тұратын мекенжайы Қаратал ауданындағы Достық ауылынан табылды. Денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Марқұмның туыстарының берген түсініктемесіне сәйкес, ер азамат өз-өзіне қол жұмсаған. Қазір осы суицид фактісіне орай қылмыстық іс қозғалды», - делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазір тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы, яғни өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу фактісі бойынша жүріп жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или