«Елорда кубогы»: Астанадағы ірі турнирде топ жарғандар қанша сыйақы алады

«Елорда кубогы»: Астанадағы ірі турнирде топ жарғандар қанша сыйақы алады

Астанада бокстан ерлер мен әйелдер арасында бокстан ІІ Халықаралық «Елорда кубогы» турнирі басталады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Турнир 27 маусым мен 2 шілде аралығында Астанадағы Beeline Arena спорт кешенінде өтеді.

Дүбірлі додада 12 елден 200-ден астам спортшы бақ сынайды. Олардың ішінде Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Моңғолия және басқа елдердің өкілдері бар.

Ерлер 13 салмақ дәрежесінде (46-48 кг, 51 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63,5 кг, 67 кг, 71 кг, 75 кг, 80 кг, 86 кг, 92 кг, +92 кг), ал әйелдер 12 салмақ дәрежесінде (45-48 кг, 50 кг, 52 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63 кг, 66 кг, 70 кг, 75 кг, 81 кг, +81 кг) өз бақтарын сынайтын болады.

Жүлде қоры:
- Бірінші орын -700 USD
- Екінші орын - 400 USD
- Үшінші орын – 200 USD (әрқайсысы).

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері тиісті дәрежедегі медальдармен және дипломдармен марапатталады.

Халықаралық турнир IBA жарыстарының техникалық ережелеріне сәйкес өтеді. Жекпе-жек 3 минутқа созылатын үш раундтан тұрады, раундтар арасында бір минуттық үзіліс болады. 10 ұпайлық IBA ұпай жүйесі қолданылады.

Қазақстан құрамасы сапында Олимпиада ойындарының жеңімпаздары, әлем, Азия және басқа да халықаралық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері қатысады. Жалпы, турнир алты күнге созылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или