Улан-Батордағы «Үлкен дулыға» турнирінің үшінші күнінің тікелей трансляциясы
23-25 маусым аралығында Улан-Баторда (Моңғолия) дзюдодан «Үлкен дулыға» сериясының әлемдік турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бүгін Қазақстан атынан мына спортшылар қатысады:
Ермахан Әнуарбеков (-90 кг), Аян Байғазы (-90 кг), Нұрлыхан Шархан (-100 кг), Бекзат Шағатаев (-100 кг), Әділ Оразбаев (+100 кг), Нұрсұлтан Қаблан (+100 кг).
Жекпе-жектер Астана уақытымен 15:00-де басталады. Тікелей эфирді Qazsport телеарнасы көрсетеді.
Еске салайық, жарысқа 45 елден 347 дзюдошы (184 ер және 163 әйел) қатысады. Олар 14 медальға таласып, Олимпиада рейтингіндегі ұпайларды сарапқа салады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или